5 “А” сынып оқушысы Батабай Мансия 2025 жылғы 9 ақпанда өткен “BALKASH Jaña-Talant” халықаралық көпжанрлы шығармашылық байқау-фестивалінде керемет өнер көрсетті.
Мансия өзінің ерекше суреттерін ұсынып, қазылар алқасын талантымен және шығармашылық көзқарасымен тәнті етті. Жоғары шеберлігінің арқасында ол Гран-при жүлдесін жеңіп алып, Болгария мен Литваға жолдама иеленді!
Бұл — оның еңбекқорлығының, шабыттылығының және өнерге деген адалдығының лайықты марапаты. Біз сенімен мақтанамыз және алдағы уақытта да биік белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!
📌 Байқау офлайн форматта өтті, онда қатысушылар бейнелеу өнері, вокал, хореография, театр, аспаптық музыка, сән және қолөнер сияқты әртүрлі жанрлар бойынша өзара бақ сынасты. Жалпы жүлде қоры 200 000 теңгені құрады.