Меню KDT

logo.jpg?_=1740371036
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Адал ұрпақ» мектеп клубтарының көшбасшыларына арналған слет


30 сәуір күні Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейінде «Адал ұрпақ» мектеп клубтарының көшбасшыларына арналған слет өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың азаматтық белсенділігін дамыту, адалдық пен әділдік мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ «Адал ұрпақ» қозғалысына қатысушылар арасында тәжірибе алмасу.

Слетке қаламыздың 13 мектебінен келген командалар қатысты.

Слет бағдарламасы аясында:
• Салтанатты ашылу рәсімі;
• адалдық пен азаматтық жауапкершілік тәрбиесіне арналған пленарлық отырыс;
• «Брейн-ринг» интеллектуалдық ойыны;
• мектеп клубтарының үздік жобаларын таныстыру;
• қорытынды шығару және марапаттау рәсімі (сыйлықтар, дипломдар, сертификаттар табыстау);
• жабылу салтанаты.

«Брейн-ринг» интеллектуалдық ойынының нәтижелері:
1 орын — Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 жалпы білім беретін мектеп
2 орын — Әл-Фараби атындағы мектеп-лицейі
3 орын — №5 жалпы білім беретін мектеп

Жобаларды қорғау бойынша нәтижелер:
1 орын — Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі
2 орын — Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейі
3 орын — №1 жалпы білім беретін мектеп

Слетке қатысу оқушылар үшін маңызды тәжірибе болды, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, тәжірибе алмасуға және мектеп ортасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға өз үлесін қосты.


Пікір жоқ
19 қаралды
Авторы: alimhan.ermekov
Қосылды: 01.05.2025 в 01:11

Президент Жолдауы

Директор блогы

"Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейі" КММ директоры

Алишева Шынаргуль Амангельдиновна

 

Choose Color