Алимхан Ермеков атындағы мектеп-лицейінде оқу-тәрбие процесіне қатысты маңызды мәселелер қаралған ата-аналар жиналысы табысты өтті.
Күн тәртібіне енгізілген негізгі тақырыптар:
Қайырымдылық балы — мектеп ортасын дамытуға бағытталған бастамаларды ұйымдастыру және қолдау мәселелері талқыланды.
Қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ға дайындық — Жанадилова Ж.Б. емтиханның жауапкершілігі, өткізу кестесі мен форматы туралы өзекті ақпарат беріп, ата-аналар назарын маңызды тұстарға аударды.
10-сыныпқа қабылдау — Далибаев Б.А. оқушыларды қабылдау шарттары мен ерекшеліктерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, ата-аналардың сұрақтарына жауап берді.
Жазғы лагерь — Рахишева Б.Е. жазғы демалысты ұйымдастыру, бағдарламалар мен оқушыларға ұсынылатын мүмкіндіктер туралы баяндап берді.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу — Орынбекова А.К. құқықтық мәдениет пен жауапкершілікке қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жиналыс мазмұнды әрі нәтижелі өтті. Ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарға толық әрі нақты жауап алды.